Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлауда 9,3 миллион азамат өз дауысын берді

сайлау қорытындысы
Фото: ОСК

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлап, дауыс беруге қанша адамның қатысқанын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Қазір учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санап жатыр. Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауға тиіс. 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысу үлесі мынадай:

1. Астана қаласы бойынша – 51,67%;
2. Абай облысы бойынша – 81,41%;
3. Ақмола облысы бойынша – 82,69%;
4. Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%;
5. Алматы облысы бойынша – 71,17%;
6. Атырау облысы бойынша – 70,74%;
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%;
8. Жамбыл облысы бойынша – 85,18;
9. Жетісу облысы бойынша –  91,19%;
10. Қарағанды облысы бойынша – 76,28%;
11. Қостанай облысы бойынша – 76,47%;
12. Қызылорда облысы бойынша – 90,75%;
13. Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%;
14. Павлодар облысы бойынша – 71,20%;
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%;
16. Түркістан облысы бойынша – 92,16%;
17. Ұлытау облысы бойынша – 70,72%;
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50%;
19. Алматы қаласы бойынша – 43,23%;
20. Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.

“Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ына тең. Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте хабарланатын болады. Брифингтің уақытын қосымша хабарланады”, – делінген хабарламада. 

Назархан Уән
Жексенбі, 23 Тамыз, 2026 20:40