Қырғызстанда оқитын 20 қазақстандық оқудан шығарылып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінен Қазақстанның 20 азаматы оқудан шығарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеру барысында кейбір шетелдік студенттердің ресми түрде университетке қабылданғанымен, ел аумағында болмағаны және оқу процесіне мүлде қатыспағаны анықталған.
Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабы "Қызметтік жалғандық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында жүргізілген комиссиялық тексеру заңбұзушылықтарды растады.
Нәтижесінде университет 59 шетелдік студентті оқудан шығарды. Олардың:
- 30-ы – Өзбекстан азаматы,
- 20-сы – Қазақстан азаматы,
- 9-ы – Ресей азаматы.
ҰҚМК Арабаев атындағы университеттің оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлері арасынан аталған заңбұзушылықтарға қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында тергеуді жалғастырып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген