Талдықорғанда 19 жастағы жігіт 4-сынып оқушысын зорламақ болған
Талдықорғанда 19 жастағы жігіт 10 жасар қызды балабақша маңында зорламақ болған. Өтіп бара жатқандар қызды ер адамның залым әрекетінен құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сай оқиға “Күншуақ” балабақшасының маңында болған. 10 жасар қызға белгісіз азамат келіп өлтіретінін айтып қорқытқан. Содан соң шалбарын шешіп, жыныстық қатынасқа түспек болғанда өтіп бара жатқан адам байқап, көмекке келген.
Кейін қыз анасына хабарласып, барлық мән-жайды айтып берген.
Полицейлер ізін суытпай 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
“Қазір ол қамауға алынды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жеке құрам көтеріліп, шағын ауданның периметрі қоршалған. Іс бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында”, – делінген хабарламада.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы