Аяз басылады: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз біртіндеп әлсірейді.
“Қазақстанның көптеген облысында ашық аязды ауа-райына себеп болған ауқымды антициклон кете бастайды. Осыған байланысты температуралық фон біртіндеп көтеріліп, аздаған қар жауады. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа-райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын негізінен қар түрінде болады. Көктайғақ, боран болады. Жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда ел аумағын тұман басады”, – делінген хабарламада.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"