Израильдегі жағдай АҚШ саясатының сәтсіздігі - Путин
Путин Израильдегі жағдайдың шиеленісуін АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясатының сәтсіздігінің айқын мысалы деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президенті бұл туралы Ирак премьер-министрі Мұхаммед әл-Суданимен кездесу барысында мәлімдеді.
"Украина дағдарысы әлі де жалғасуда және Таяу Шығыстағы жағдайдың да күрт нашарлағанын көріп отырмыз. Менің ойымша, бұл АҚШ-тың Таяу Шығыстағы сәтсіз саясатының айқын мысалы. Олар екі жақты қолайлы ымыраға келтірудің орнына, өз ұсыныстарымен екі жаққа да қысым жасады", – деді Владимир Путин.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік