Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жатақханада тұра ала ма – Министрлік жауап берді

Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан ақылы түрде оқитын студенттердің жатақханадан орын алуға толық құқылы екенін, заңнамалық еш шектеу жоғын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Хабар 24

"Заңды тұрғыда еш шектеу қойылмаған. Осы жылдан бастап студенттің грантта немесе ақылы оқитынына қарамастан университеттердің жауапкершілігі қарастырылған заң күшіне енеді. Барлық студент жатақханалардан орын алуға құқылы", - деп түсіндірді Ақерке Абылайхан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар спикер жатақханалардағы орындарды бөлу кезінде ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарының студенттері, содан кейін бірінші курс студенттері орналастырылатынын атап өтті.

"Жатақханаларда орын тапшылығы бар екенін бәріміз көріп отырмыз. Егер студент осы топтарда болса, орын бөлу кезінде басымдыққа ие болады. Жалпы, заң жүзінде ешқандай шектеулер жоқ: студент ақылы негізде де, грантта да жатақханаға орналаса алады", - деп толықтырды комитет басшысының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Талқылау