Ақтөбе облысында әкімдік қызметкері әкімнің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы бюджет қаржысын ұрлаған
Ақтөбе облысының Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" порталына сілтеме жасап.

Сотталушы атқаратын қызметі бойынша екінші қол қою құқығына ие болған, сонымен қатар ауылдық округ әкімінің электронды цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) өзімен бірге алып жүрген.
"Ол 2020 жылдың сәуірінен 2022 жылдың желтоқсанына дейін әкімнің ЭЦҚ-сы арқылы бюджет ақшасын ұрлап, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам шығын келтірген", - делінген айыптау актісінде.
Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар шығыны мен жалақысын төлеуге арналған. Ол серіктестіктермен және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасасып, бюджеттің тағы бір бөлігін жымқырған.
Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, ұрланған миллиондарды мемлекетке қайтаруға міндеттеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі