Елімізде пластикалық ота жасататын ерлер саны артқан
Еліміздің эстетикалық медицина орталығының мамандары бір жылда ер пациенттердің саны шамамен 70%-ға өскенін айтты. Егер бұрын жүз отаның тек тоғызын ерлер жасатса, қазір ол 15-ке жетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri Life сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Пластикалық хирург Данияр Урмурзин бет-әлпетін өзгерткісі келетін ерлер саны артқанын айтты.
Қазақстандық ерлер арасында көздің және құлақтың, беттің пішінін өзгерту процедуралары ерекше танымал. Олар, сондай-ақ, интимдік хирургия мен липосакция, яғни дене майымен күресуге жазылады. Хирургтың айтуынша, пациенттер пластикалық хирургияны өзіне деген сенімділікке ие болу үшін жасатады.
“Біріншіден, олар жас болып көрінуге, кемшіліктерді жасыруға ұмтылады. Екіншіден, көбісінде туа біткен немесе жүре пайда болған патологиялар бар. Үшіншіден, өзіне деген сенімділікті арттырғысы келеді. Қазір ер адамдар да сыртқы келбетке назар аударады”, – деді маман.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі