"Құжатсыздар мен адам саудасы көбейеді": Мамандар қызметтерге төленуі тиіс салықтың өскеніне наразы
Елімізде баланың тууын, некені немесе қайтыс болуын тіркеуге, атын, тегін немесе әкесінің атын өзгерту қызметтеріне төленуі тиіс салық құны өскен. Мамандар бұл мемлекет қазынасына пайда бермей, керсінше адам саудасы мен тіркеуде жоқ марқұмдардың көбеюіне әкеліп соғатынын айтып, дабыл қағуда деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығының жобасында енді қазақстандықтар баланың тууын, некені немесе қайтыс болуын тіркеуге, атын, тегін немесе әкесінің атын өзгерту қызметтерін РАГС-тен емес, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан жасайтынын мәлімдеген болатын. Ал қызметтер бағаының да өскені хабарланды
Бұл шешімге бірқатар мамандар қарсы болуда. ҚР Қарағанды облыстық “Қызыл Ай” қоғамы филиалының директоры Татияна Абрамованың болжамынша бұл ел ішінде құжатсыздар санын арттырады.
"Бізге 50 жастан асқан құжаты жоқ адамдар да келеді. Олар тіпті ешқашан құжатталмаған да. Себебін сұрасақ, "анама туу туралы куәлік алуға мүмкіндік болмады" дейді. Ал бұл үлкен кемшілік. Себебі құжатсыз қоғамда адам саудасы көбеюі мүмкін”,- деді Татияна.
Ал заңгер Шырын Әмірғалиева бұл тұрғыда конституция мен адам құқықтарының бұзылатынын айтады.
“Бұл бұйрық қандай түрде ұсынылса, ол, шынын айтқанда, адамдардың көғңілінен шықпайды. Бұл азаматтардың табиғи және конституциялық құқықтарын бұзу және шектеу болып табылады. Бұл бұйрық, ол жай ғана заңсыз”,- деді маман.
Министрлік бұл жоба тек талқыланып жатыр деп жауап берді. Бағалар баға белгілеу ережелеріне сәйкес есептеледі. Олар әлі де Әділет министрлігімен және монополияға қарсы органмен келісілетін болады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Тіркеу қызметі департаментінің директоры Венера Калимова неге қымбат екенін айтты.
“Бұл тартылған қызметкерлердің қызметін қамтамасыз етуге байланысты шығындар; кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету, қызметтерді құру, коммуналдық шығындар, ғимаратты жалға алу. Барлық жанама шығындар осы тарифте және әкімшілік шығындарда қарастырылған”,- деді Венера Калимова.