Қарағанды облысында дала өрті сөндірілді
Қарағанды облысында үш табиғи және бес дала өрті сөндірілді. Шет ауданында өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, Қызылтау ауылының жанында үшінші күн өрт болып жатыр. Апат аумағы 300 гектарға жетті. Сонымен қатар Шопа ауылынан 25 шақырым жерде жаңа өрт ошағы пайда болған. Жалын 1000 гектарды қамтыды. Бұқар жырау ауданындағы Белағаш орман шаруашылығының аумағында шамамен 10 гектарды құрайтын өрт көлемі байқалды.
Өңірдегі өртті сөндіруге 350-ден астам адам мен 80 бірлік техника жұмылдырылған. Төтенше жағдай департаментінің мәлімдеуінше, зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, бұған Алматыдағы Көктөбе маңында өрт шыққаны туралы айтылған еді.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"