Завахири өлімі: АҚШ "Аль-Каиданың" кек алуы мүмкін екенін ескертті
АҚШ өз азаматтарын "Аль-Каида" жетекшісі өлтірілгеннен кейін шетелде болуы мүмкін антиамерикандық зорлық-зомбылықтан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ауғанстанда Орталық барлау агенттігінің ұшқышсыз соққысы әсерінен "Аль-Каида" террорлық ұйымының жетекшісі қаза тапқан болатын. АҚШ осыған байланысты өз азаматтарын кері қастандық шабуылдарынан сақ болуға шақырды.
"2022 жылдың 31 шілдесінде Аймана аль-Завахири қайтыс болғаннан кейін "Аль-Каида" немесе оған қатысы бар террористік ұйымдардың жақтастары АҚШ нысандарына, қызметкерлеріне немесе азаматтарына шабуыл жасауға әрекеттенуі мүмкін. Мемлекеттік департамент антиамерикандық зорлық-зомбылықтың ықтималдығы жоғарырақ деп санайды", - деп айтылды мәлімдемеде.
Бұл ескертуде АҚШ азаматтары қырағы болуға және шетелге саяхаттау кезінде жағдаймен жақсылап танысуға шақырылды.
"Қазіргі ақпарат лаңкестік ұйымдардың әлемнің көптеген аймақтарында АҚШ мүдделеріне қарсы әрекеттерді жоспарлап отырғанын көрсетеді. Бұндай жоспардың ішінде шабуылдар жанкешті операциялар, қастандықтар, ұрлау мен жарылыстарды қоса алғанда, кең ауқымды тактиканы қолдану әрекеттері болуы мүмкін”, - делінген.