AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық студент жүкті әйелді көлік ішінде босандырды

Оралдық студент жүкті әйелді көлік ішінде босандырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

жедел жәрдем

"Жедел жәрдем" бригадасына  қала маңындағы Деркөл ауылынан шақырту түскен.

Көмекке асыққан санитар-студент жүкті келіншектің үйіне "Жедел жәрдем" бригадасымен 10 минутта жеткенімен, перзентханаға үлгірмепті. 

Жедел жәрдем бригадасының құрамында тәжірибе жинақтап жүрген студент толғағы күшейген келіншекті дереу  босандырып алады,  сәбидің кіндігін де өздері кесіпті.  Қазір сәбидің денсаулығы жақсы, ертең перзентханадан шығарады.  



“Менің практикам жүріп жатқан кезде осындай көмекші болып жүргенімде үшінші босану бұл. Машинаның ішінде екеуі, біреуі үйдің ішінде болған жағдай. Асықпай, өзіміздің қолдан келетін көмегімізді көрсетіп, барлығын алгоритм түрінде жүргіздік”, – дейді жедел жәрдем санитары Айсұлтан Нұрышев.  

“Қатты күшеніп, толғағы келіп, баланы аман-есен босандырып алдық. Өмірге 3 кг қыз бала дүниеге келді. Бойы 52 см болады. Барлық көмекті көрсетіп, қалалық көпбейінді ауруханаға сәбиді де, анасын да аман-есен жеткіздік”, – дейді фельдшер Еркебұлан Жасұланов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр