Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ұзақ өмір сүрудің ең қарапайым жолын атады

денсаулық
Фото: Anton Pentegov / Shutterstock / Fotodom

Баспалдақпен жүру – ұзақ өмір сүрудің ең қарапайым жолдарының бірі. Мұны Эндокринолог Зухра Павлова айтып, физикалық белсенділіктің бұл түрінің пайдасын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Павлованың айтуынша, баспалдақпен үнемі жаяу көтерілу жүрек ауруларынан қайтыс болу қаупін 39%, ал жалпы өлім қаупін 24% азайтады. Сонымен қатар мұндай физикалық белсенділік инфаркт, инсульт және жүрек жеткіліксіздігіне шалдығу қаупін төмендетеді.

Дәрігердің айтуынша, бұл үшін күн сайын бірнеше қабат жаяу көтерілудің өзі жеткілікті. Ең бастысы – мұны тұрақты әдетке айналдыру.

Тізеге түсетін салмақты азайту үшін жоғары жаяу көтеріліп, төменге лифтпен түсуге керек. Ал жүрегінде ауыр дерті бар адамдар бастапқыда бір ғана қабатпен шектелгені жөн. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы ең жоғары өңірлер белгілі болғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 22 Тамыз, 2026 20:06