Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы ең жоғары өңірлер белгілі болды
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы ең жоғары өңірлер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарт адамдардың саны бойынша бірінші орында Алматы қаласы тұр. 2026 жылдың басындағы есеп бойынша қалада жасы 100-ден асқан 304 адам тұрған. Бұл Қазақстандағы барлық қарттардың шамамен 23%-ын, яғни әрбір төртінші қарт адамды құрайды.
Екінші орында Қостанай облысы тұр. Мұнда 149 қарт бар, бұл жалпы санның 11,3%-ына тең.
Одан кейінгі орындарда:
- Жамбыл облысы — 88 адам немесе 6,7%;
- Түркістан облысы — 83 адам немесе 6,3%;
- Шығыс Қазақстан облысы — 82 адам немесе 6,2%.
Осылайша, Қазақстандағы барлық қарттың 53,5%-ы осы бес өңірге тиесілі.
Ал жасы 100-ден асқан адамдар ең аз тұратын өңірлер қатарында Маңғыстау облысы – 11 адам, Ұлытау облысы – 12 адам және Атырау облысы – 14 адам бар.

Басылымның мәліметінше, 2026 жылдың басындағы есеп бойынша Қазақстанда жасы 100-ден асқан 1321 адам тұрады. Бір жыл ішінде олардың саны 28,4%-ға, яғни 293 адамға артқан. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылдың басында елде 1030 ұзақ жасаушы болған.
Қазақстанда жасы 100-ден асқан қарттар арасында әйелдер саны айтарлықтай көп. 2026 жылдың басындағы есеп бойынша елде 1039 әйел ұзақ өмір сүрген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 29,1%-ға жоғары.
Жасы 100-ден асқан ерлердің саны 26,2%-ға өсіп, 284 адамға жетті. Осылайша, Қазақстандағы барлық қарттардың 78,5%-ын әйелдер, 21,5%-ын ерлер құрайды.
Қазақстанда жасы 100-ден асқан қарттардың басым бөлігі қалада тұрады. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша қалалық жерлерде 953 қарт болған. Бір жыл ішінде олардың саны 32,2%-ға артты. Ауылдық жерлерде жасы 100-ден асқан 370 адам тұрған. Осылайша, елдегі барлық қарттардың 72%-ы қала тұрғындары болса, 28%-ы ауыл тұрғындары.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жеткені туралы жазған едік.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған