AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург еркектерге жүкті болуға көмектесетін әлемдегі ең алғашқы жатырды трансплантациялау отасын жасамақ

Үндістанда Наренда Каушик есімді (Narendra Kaushik) хирург ер адам болып дүниеге келген транс әйелді жүкті ету мақсатында жатыр трансплантациясын жасамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме беріп хабарлайды.

Наренда Каушик

Қауіпті процедураға қажетті жатыр өлі донордан немесе репродуктивті ағзалары басқа жолмен алынған пациенттерден алынады. 

Осыған дейін транс әйелдің жатырын трансплантациялаудың құжатталған бір ғана мысалы болған, бірақ ол кезде ота жасаған әйел бірнеше айдан кейін асқынулардан соң қайтыс болған.

Жалпы транс әйелді ұрықтандыру бұдан да қиын, себебі ЭКО-ны қолдануды және кесарь тілігі арқылы босануды талап етер еді, өйткені олардың толық жұмыс істейтін қынабы жоқ.

Нью-Делидегі жынысты ауыстыру емханасын басқаратын доктор Нарендра Каушик бұл процедураның сәтті болатынына сенімін білдірді.

“Әрбір трансгендер әйел мүмкіндігінше әйелдік болмыста жүруді, сондай-ақ ана болуды қалайды. Бұны кез келген басқа трансплантация түрі сияқты жатырды трансплантациялау арқылы жасайды. Болашақта да солай болады. Біз мұның нақты қашан болатынын болжай алмаймыз, бірақ өте жақын арада", – дейді дәрігер.

Хирург ота жасайын деп жатқан адамның аты-жөнін және отаның уақытын айтпады.

Жатырды трансплантациялау шамамен 50 000 фунт стерлинг (27 миллион теңге) тұрады, ал ЭКО емдеудің бір циклі 5 000 фунт стерлингтен (2 миллион теңге) асады.

Доктор Каушиктің Olmec клиникасы Нью-Делидегі жыныс ауыстыру индустриясы қарқынды дамып келе жатқан орталықта орналасқан, жыныс өзгерту бойынша Бангкокпен өздерін бәсекелес көреді.

Оның айтуынша, клиенттерінің бестен бір бөлігі шетелде, олардың көпшілігі Ұлыбританиядан ұшып келеді, онда жынысты ауыстыру операциясы тегін, бірақ күту уақыты ұзақ.



"Біздің мақсатымыз оларды әйелдер сияқты қалыпты өмір сүруге жағдай жасау. Біз эстетикалық идеалға ұмтыламыз", – дейді Каушик.

Бірақ жынысты ауыстыру хирургиясы жақсы белгілі болғанымен, трансгендерлердің қатысуымен жатырды трансплантациялау туралы ғылым әлі де толық зерттелмеген.

2014 жылдан бері 100-ден астам әйелден әйелге жатырдың трансплантациясы сәтті өтті және ғалымдар енді реципиенттерді ұрықтандыруға мүмкіндік береді.

Бірақ әйелдің ұрпақ сүйюге мүмкіндік беретін ағзасын еркек боп туғандарға енгізуде көп кедергілер бар.

Медициналық жазбаларға сүйенсек, бұл процедура тарихта бір рет, даниялық транс суретші Лили Эльбеге 1931 жылы ота жасалған кезде жасалған.

Жынысын ауыстырған алғашқы науқастардың бірі болған 48 жастағы Лилиге сүйіктсінен бала сүю мақсатында Германияда ота жасалды. Бірақ операциядан кейінгі инфекциядан соң ол үш айдан кейін бала көтере алмай, жүрегі тоқтап қайтыс болған.

Дәрігерлерде бұл мәселеде туындайтын проблема ерлердің жамбас сүйегі тым тар болғандықтан одан бала өте алмайды, сондықтан ер адам кесар тілігі арқылы босануы керек болады. Бірақ адамның ішінде жатырды ұстайтын орын бар, дейді Американдық репродуктивті медицина қоғамының президенті доктор Полсон.

Ол әйел бойынша жүктілік кезінде болатын өзгерістерді қайталау үшін ер адамға гормондарды беру қажет болатынын айтты.

Жатырды трансплантациялаудан кейін ЭКО арқылы эмбрионды имплантациялау керек дейді ол.

Қазіргі уақытта Ұлыбританияда 2008 жылғы Адамның ұрықтануы және эмбриологиясы туралы заңға сәйкес, ЭКО клиникаларында эмбрионды ер адамға имплантация жасауға тыйым салынады.

Бірқатар трансгендер еркектер, яғни әйел болып туып, кейін жынысын өзгерткендер Ұлыбританияда босанып, балалы болған. Мұнда әйел ағзасын ер адамның денесіне имплантациялау емес, әйелдің жатыры, репродуктивті ағзалары жынысын өзерткен соң да сақталған.

Бір операция үшін 50 000 евро болатын жатырды трансплантациялау әлі де эксперименттік процедура болып саналады.

Мұндай отадан соң жаңа мүшені ағза қабылдамау, зәр шығару жолдарының инфекциялары, тромбтардың пайда болуы және ішкі ағзалардан қан кету сияқты асқынулар болуы мүмкін.

Жатыр трансплантациясы негізінен тірі әйелдің донорлық жатыры көмегімен жүзеге асырылады, дегенмен ағзаларды қатырудың заманауи әдістері қайтыс болған донордың жатырын да пайдалануға мүмкіндік береді.

2019 жылы Огайо штатының Кливленд қаласында өлген донордан трансплантацияланған жатыр арқылы ұрықтанған алғашқы сәби дүниеге келді.

Дәрігерлер инсульттан қайтыс болған, балалы болған 45 жастағы әйелдің жатыры мен қан тамырларын алған.
Содан кейін олар 11 сағатқа жуық ота жасап, жатырсыз дүниеге келген басқа әйелге мәйіттік донорлық арқылы қан тамырлары мен жатыр салып берген. 

Әйелде операциядан кейін 37 күннен соң етеккір басталып, кейін жеті айдан соң жүкті болғанға дейін тұрақты етеккір келіп тұрған. 

Эмбрион жатырды салмай тұрып, аналық бездерден алынған және ЭКО арқылы ұрықтандырылып барып әйелге трансплантацияланған. Сәби дені сау болып 35 апта, үш күннен кейін кесарь тілігі арқылы дүниеге келді.
Кесарь тілігі кезінде әйелге салынған жатыры да алынып, анасы да, баласы да қалыпқа келген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр