Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

44 жастағы азамат туған қарындасымен көңіл жарастырып, одан төрт бала сүйген

44 жастағы германиялық азамат өзінің туған қарындасынан төрт бала сүйген. Қазірде олар мемлекетте инцестті (қан араласу – ред.) заңдастыруды талап етуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

44 жастағы Патрик Штюбинг 22 жасында өзінің туған отбасын іздеп тапқан. Туыстарының үйіне көшіп келген соң ол өзінен 7 жас кіші туған қарындасы Сьюзан Каролевскимен көңіл жарастырған. Осы уақытқа дейін екеуі төрт бала (екі баласы мүгедек) сүйіп үлгеріпті. 

“Біз арамызда болған жайтқа кінәлі емеспіз. Сондықтан инцестті қылмыс деп танитын заң алынғанын талап етеміз”, – дейді Патрик Штюбинг. 

Штюбинг отбасындағы үшінші бала екен. Алайда 3 жасында өз әкесі өлтірмек болғандықтан сот бүлдіршінді ата-анасынан тартып алады. Ал ерлі-зайыптылар ажырасып жатқан кезде Сьюзан дүниеге келіпті. Отбасында туған тағы алты бала жастайынан көз жұмған. 



18 жасқа толған соң Штюбинг өзінің биологиялық әке-шешесін табуды ұйғарады. Төрт жылдан соң ол анасы Ана-Мариді тауып, өз үйіне көшіп келген. Бірақ көп ұзамай әйел жүрек талмасынан көз жұмады. Ағасы мен қарындасының арасы осы кезден бастап жақындай түседі. 

“Анам көз жұмған соң мен отбасымыздың негізігі тірегі болдым. Қарындасым өте сезімтал еді, осы қиын тұста біз бір-бірмізге көмектесе білдік. Кейіннен біздің байланысымыз жақындай түсті. Біз бірге болу дұрыс еместігін, заңға қайшы екенін түсінбедік”, – дейді Штюбинг.

2001 жылы 16 жаста болған Сьюзан өмірге тұңғышын әкеледі. Алайда ұл бала мүгедек болып туған. Екеуінің арасындағы қарым-қатынастың салдарынан ағасы мен қарындасы соттан бір-ақ шығыпты. 2002 жылы Штюбинг шартты түрде жарты жылға бас бостандығынан айырылса, Сьюзан кәмелетке толмағандықтан жазадан құтылып кеткен. 

Ұл баладан бөлек Сьюзан біреуі мүгедек, екеуі сау үш қыз босанады. Дегенмен бұл жолы Штюбинг 3,5 жылға түрмеге жабылады. 

Штюбинг бостандыққа шыққан соң ағасы мен қарындасы инцестті заңдастыруды талап етіп, 2012 жылы Еуропалық сотқа жүгінеді. Дегенмен соттан жеңіліс табады.

Қазіргі таңда екеуі әлі де бірге Германияның шығысында тұрып жатқан көрінеді. 

Талқылау