Қалыңдық тойына аз уақыт қалғанда косметологтың қателігінен бір тәулікке көрмей қалған
Австралияның Перт қаласында тұратын қалыңдық үйлену тойына аз уақыт қалғанда косметологтың қателігінен бір тәулікке соқыр болып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30 жастағы Тамика Клегетт үйлену тойына дайындала бастағанын және қасын қарындашпен түзетіп, бояу үшін жаңа косметологқа жазылғанын айтады. Сөйтіп жүргенде шебер қалыңдықтың өтінішінсіз-ақ оның қасын бояумен бояғаны белгілі болған.
Бір қарағанда зиянсыз қателік Клегетт үшін нағыз қорқынышқа айналды. Процедурадан кейін бірнеше сағаттан соң әйелдің қабағы бояуға аллергия беріп, ісіне бастаған. Көп ұзамай ісінудің салдарынан көзі жабылып, шыдатпай ашыған. Қорыққан австралиялық ауруханаға барған. Онда оған аллергиялық реакция өткенше күтуге кеңес берді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен