Сарапшылар теңге бағамына жаңа болжам жасады
Өткен аптада теңге біраз тұрақталғанын көрдік. Бірақ келесі айда Ұлттық валюта тағы құнсызданып, доллар қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Биыл маусым айының басында бір доллар 448 теңгені құрайды. Елдегі нарық қатысушылары осындай болжам жасады. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы кезекті сауалнама жүргізіп, соның нәтижелерін жариялады. Сонымен қазір шетелдік валюта 442 теңгеге саудаланып жатыр.
“Бірақ бір жылдан кейін ұлттық валюта бағамы құнысызданып, бір доллар үшін 484 теңге болады" делінген хабарламада.
Әлемдегі геосаяси шиеленістер, нарықтардағы жағдай мен дамыған елдердің монетарлық саясаттарын қатаңдатуы ұлттық валютаға қысым көрсетуі мүмкін.
Сондықтан сарапшылар теңгеге қатысты теріс болжамды сақтап отыр. Зерттеуге қаржы нарығының кәсіби қатысушылары, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар, талдау бөлімшелері қызметкерлерінің пікірі алынған.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды