AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жасөспірім пойыздың астына түсіп қаза тапты

Жамбыл облысында 16 жастағы жасөспірім теміржолда мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Бала рельстердің арасында келе жатқан кезде, жүк пойызы қағып кеткен. Дәрігерлер мектеп оқушысының өмірі үшін төрт сағат бойы күрескен. Бірақ алған жарақаттардың нәтижесінде бала қаза тапты.

Қайғылы оқиға Боранды стансасының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, жігіт темір жолдың арасында келе жатып, пойызға ілініп қалып, вагонның астына түсіп кеткен.

Жүргізуші сигнал беріп, тіпті жылдамдығын төмендетпек болған, бірақ қайғылы оқиғаны айналып өту мүмкін болмады. Кейін жасөспірімнің құлаққаппен кетіп бара жатқаны белгілі болды.

Мектеп оқушысы көп балалы отбасыннан шыққан. Оның күнде үйін жылыту үшін рельстерден отын жинағаны белгілі болды.

“Оқиға Боранды - Сурум 1-пикет желісінің 3444-ші шақырымында болды. Құрамында 44 жүк тиелген вагон бар пойыздың машинисті шұғыл тежеуді қолданғанымен, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Өңір тұрғындарынан темір жолды кесіп өту ережелерін сақтап, балаларын соған үйретуді сұраймыз”, – дейді Боранды желілік полиция бөлімінің бастығы Шамиль Керімбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр