Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Такси жүргізушісіне 17 рет пышақ сұққан: Нұр-Сұлтанда адам өлтірген күдікті бес жылдан кейін ұсталды

Нұр-Сұлтан полициясы бес жыл бұрын адам өлтірді деген күдікпен 27 жастағы азаматтың ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Көкшетау қаласында арнайы операция барысында кісі өлтірді деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті 2017 жылдың тамызында базарлардың бірінің маңында жекеменшік Daewoo Nexia таксиін Лесозавод ауданына жалдаған.

Көрсетілген жерге жеткенде жүргізуші мен жолаушы жол ақысына келіспей қалған. Такси жүргізушісі жол ақысын мың теңгеге бағалаған. Кикілжің кезінде жолаушы пышағын алып, жүргізушіге 17 рет сұққан. Ол сол жерде қаза болған. Кісі өлтіргеннен кейін қылмыскер ізін жасырмақ болып, көлікте қалған саусақ іздерін мұқият сүрткен", - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті қылмыс орнынан бой тасалап, бірнеше күннен кейін көршілес республикалардың біріне кеткен.



Кісі өлтірген күдікті бес жыл бойы іздестірілді. Сот-медициналық сараптама қылмыс орнында табылған іздердің бәрін зерттеген.

"Екі жылдан кейін көлік жүк салғышындағы саусақ ізін зерттей келе, криминалистика сәйкестік тапты. Саусақ ізі 2014 жылы Беларусь Республикасында ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адамға тиесілі екені анықталды. Ол Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында жедел уәкілдер ер адамның кісі өлтіруге қатысы барын анықтады. Бұлтартпас айғақтардан кейін ұсталған күдікті өз әрекетін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды полицейлер.

Талқылау