AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жасөспірім өгей әкелерін қарындасына тиіскені үшін өлтірген: 200 мың адам оларды босатуды сұрап, петиция жариялады

АҚШ-та екі ағайынды және олардың досы өгей әкелерін өлтірген. Жеткіншектер ер адамның тоғыз жастағы қарындастарына тиіскенін білгеннен кейін оны соққыға жыққан. Енді олар өлім жазасына кесілуі мүмкін. Екі күн ішінде 200 мыңнан астам адам жасөспірімдерді босатуды сұрап, петицияға қол қойған. Кепіл ретінде әрқайсысына 1 миллион доллар  белгілеуді талап етеді. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Екі күннің ішінде Хидалго округінің 17 жастағы Кристиан Тревино және 18 жастағы Алехандро Тревино, сондай-ақ олардың досы және сыбайласы 18 жастағы Хуан Эдуардо Мелендесті бостуды сұрап, 204 мың қол қойылған петиция желіде таралды.

Тревинолар – бір әкеден, екі түрлі анадан туған бауырлар. 

“Біз Техас штатынан жеткіншектерді босатуды сұраймыз. Олар қарындастарын қорғаймыз деп енді қалған өмірін түрмеде өткізуі мүмкін”, – деді петиция ұйымдастырушысы Карлос Эдуардо.



Қазіргі уақытта үш жасөспірім қамауда отыр және олардың әрқайсысына 1 миллион доллардан астам кепілдік қойылған. Егер олар кісі өліміне кінәлі деп танылса, өлім жазасына кесілуі немесе мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ағайындылар өгей әкелері Габриель Кинтанильи 9 жастағы қарындастарына зорлық әрекеттерін жасады дегенді естіп, ашуға булыққан. Осылайша ағайындылар мен олардың досы Габриель Кинтанильидің үйіне барып, оны соққыға жыққан.

Біраз уақыттан кейін ағайындылар досы Хуанмен қайта оралып, ер адамды тағы да ұрған. Олар мұнымен тоқтамай, біраз уақыттан кейін қайта келіп, жолда жалғыз кетіп бара жатқан жерінен оған шабуыл жасаған. Содан кейін, полицияның мәліметінше, ағайындылар және досы Кинтанильиді кастетпен өлімші етіп ұрып-соққан. Артынша көліктеріне салып алып, жазық далаға апарып тастаған. Оның денесі сол жерден табылған. 

Жеткіншектерге қазір өлім жазасы қаупі төніп тұр. Себебі олар ер адамды көлікке салып, оны ұрлаған. Сондай-ақ оның денесінен құтылған соң ер адамға тиесілі заттарды алып кеткен. 

Полиция олардың аналарына қатысты кінә тағу мүмкін екенін де айтты. 

Сондай-ақ істі тергеу барысында тағы бір маңызды факт анықталды. Марқұм өгей әке балаларға жыныстық қысым көрсеткені үшін айыпталған болып шықты. Полиция мәліметінше, 2019 жылы тағы бір кәмелетке толмаған қыз 2014 жылдан 2016 жылға дейін Кинтанильи тарапынан қысым көргенін хабарлаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр