AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны әпкесін балағаттаған азаматты бір соққымен ұрып өлтірген

Алматы облысында полицейлер кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Жәпек батыр ауылының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің туған әпкесін балағаттағаны үшін ер адамды жақ сүйегінен соғып, өлтіріп тастаған. Жәбірленуші асфальтқа құлап, жарақат алады. Одан кейін күдікті ес-түссіз жатқан ер адамды көтеріп, жедел жәрдем шақырған", - деді Іле аудандық ІІБ бастығы Марат Күштібаев.

Тергеу барысында белгілі болғандай, Бақтыбай ауылының 31 жастағы тұрғыны бұрынғы бірге тұратын адамның үйіне мас күйінде келіп, балағат сөздер айтып, сыртқы есікті аш деп айғайлаған.

Мұны естіген әйелдің ағасы одан сыртқа шығып сөйлесуін өтінді. Әңгімелесу барысында күдікті ауыр соққы жасаған.

Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр