"Жұмабек ағадан бұрын "Сәтжан" деп білеміз": Кәсіпкер құлағынан шерткен асаба жағдайды түсіндірді
Қазақстандық кәсіпкер Жұмабек Жанықұл әйелін “Динара Жанықұл” деп хабарламағаны үшін жүргізушіге көптің көзінше ескерту жасап, өзі сынның астында қалды. Болған жағдайдан кейін шараны жүргізіп тұрған асаба Нұрбек Саламатов қалай болғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтуынша, кәсіпкер өз сөзін әзілдеп жеткізгісі келген. Ол ешкімді сөкпеуге шақырды.
“Менен басқа не жаңалық? Құлақ орнында. Бәрі жақсы, құрметті достар. Уайымдайтындай ештеңе жоқ. Өшпенділіктен болған әрекет емес. Әзіл ретінде жеткізген ғой. Әйтпесе, құлағымды шерткізіп қойып, қарап тұратын жігіттердің қатарынан емеспін. Серік досымның киносының жабық көрсетілімі болған соң аяқ астынан жүргізіп кеттік. Сценарий болған жоқ. Біз Динара ханымды Жұмабек ағадан бұрын “Динара Сәтжан” деп танып қалғанбыз. Әлеуметттік желідегі парақшасында да “Динара Сәтжан” делінген екен. Бірақ аға айтқан соң мен “Динара Жанықұл” деп өзгерттім. Мүмкін мен арқылы халыққа осылай шу жасап, “Динара Жанықұл” екенін сіздерге жеткізгісі келген болар. Мен оған себепкер болып тұрған шығармын. Әке, ағалардан алмай жүрген шертпе емес қой. Жағдайдан әркім әр қалай шығады. Мен әзіл саласында жүргендіктен әзілдеп шығып кеткенді жөн көрдім”, – дейді шараны жүргізген асаба.
Асабаның бұл жазбасының астына кәсіпкердің өзі де пікір қалдырған.
“Жарайсың, інім! Іні бола алатын жігіт екенсің”, – деп жазды ол.
Динараның өзі де көпшіліктің әзіл түсінбейтінін айтып қалды.

Алайда желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекеті ересек адамға жараспайтын қылық екенін айтып жатты.
“Құлақты шертпей де айтуға болатын еді”, “Аға бола алмадыңыз бірақ, көптің көзінше”, “Іні болмас бұрын, аға бола алған дұрысырақ еді”, “Әйеліңді өз тегіңмен айтқызғың келсе, қатыныңның құжатынан, парақшасынан бастасаңшы. Асабада нең бар?”, “Неге жүргізуші ересек адамның әрекеті үшін ақталып отыр?”, – деп жазды желідегілер.
Еске салайық, бұған дейін Жұмабек Жанықұл әйелін "Динара Сәтжан" деп хабарлағаны үшін көптің көзінше жүргізушіге ескерту жасап, құлағынан шерткен еді. Ескерту алған жүргізуші сол сәтте хабарландыруын “Динара Жанықұл” деп өзгертті.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі