"Ең үлкен қуаныш": Мадина Сәдуақасова ұлының арманын орындады
Әнші Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуармен бірге АҚШ-қа саяхатқа аттанды. Нью-Йоркті көруді көптен армандаған баласының тілегін орындаған өнер иесі сапардан суреттер жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші Instagram парақшасында ұлымен бірге Нью-Йоркте түскен фотоларын бөлісіп, баласының қуанышы өзі үшін бәрінен қымбат екенін жеткізді.
“Америка, Нью-Йорк, 2026 жыл. Бұл сапар – ұлымның көптен бергі арманы. Баламның бақытты сәттерін көру – мен үшін ең үлкен қуаныш”, – деп жазды ол.
Өнер иесі жазба соңында ұлына ақ тілегін жеткізді.
“Арманың асқақ болсын, Әнуарым! Құдай қаласа, әлі талай рет бірге әлем аралайық!” – деп жазды Мадина Сәдуақасова.
Желі қолданушылары анасы мен баласына ақ жол тілеп, сапардан мол әсер алып қайтуларына тілектестік білдірді. Сондай-ақ Әнуардың есейіп қалғанын, әкесіне ұқсайтынын жазды.
“Сондай әдемі әрі бақыттысыздар! Әрдайым осылай болсын!”, “Қалай өсіп кеткен! Сапарларыңыз сәтті өтсін”, “Әкесінен аумайды, есейіп қалыпты”, “Армандары орындала берсін”, – деп пікір қалдырды оқырмандар.
Еске салайық, бұған дейін Мадина Сәдуақасова Қытай астанасы Бейжіңде өткен шарада Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі “Куә бол” әнін орындады, көпшіліктің ықыласына бөленгені хабарланған еді.
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
