Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құжатта мыс деп көрсетілген 1,5 млрд теңгенің алтыны Қазақстаннан шетелге шығарылмақ болған

алтын кен заңсыздық
Фото: Видеодан скрин

Қаржылық мониторинг агенттігі Жетісу облысында құрамында алтыны бар 2,6 мың тонна кенді заңсыз шетелге шығармақ болғандарды анықтап, ұстады. Алтынның құны құны 1,5 млрд теңге деп бағаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, құрамында алтыны бар кенді шетелге шығару үшін кедендік құжаттарда тауар "мыс кені мен концентраттары" деп көрсетілген. Осылайша шикізаттың нақты құрамы жасырылған.

“Тергеу-жедел іс-шаралары барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған мың тоннадан астам шикізат табылды. Сондай-ақ экспорттаушы "RedGold Mining" ЖШС-нің директоры және заңсыз схеманы ұйымдастыруға қатысы бар өзге де адамдар анықталды. 

Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Соттың санкциясымен серіктестіктің ақша қаражатына тыйым салынды.

Бұған дейін Ұлытау облысында бір топ адам құны 950 миллион теңгелік марганец кенін өндіріп, шетелге сатқаны туралы жазған едік. Оқиға Қаражал қаласындағы "Восточный" карьері аумағында болған. Күдіктілер Қаражалдағы карьерде ауыр техниканы пайдаланып, 4 мың текше метрден астам кен өндірген. Осылайша, олар марганец кенін шетелге шығарып отырған. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 22 Қазан, 2026 09:50