Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында бір топ адам құны 950 миллион теңгелік марганец кенін өндіріп, шетелге сатқан

марганецті заңсыз өндірген
Фото: depositphotos.com

Ұлытау облысында бір топ адам 950 миллион теңгеден астам марганец кенін заңсыз өндіріп, шетелге шығарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Қаражал қаласындағы "Восточный" карьері аумағында болған. Күдіктілер Қаражалдағы карьерде ауыр техниканы пайдаланып, 4 мың текше метрден астам кен өндірген. Осылайша, олар марганец кенін шетелге шығарып отырған. 

“Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техника — экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған. Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген. Кейін кен жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған”, – делінген хабарламада.

 Нәтижесінде сатылған марганец кенінің құны 950 миллион теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 02 Қазан, 2026 11:35