Қызылжарда бес бірдей азамат 17 жастағы қызды зорлаған
Қызылжарда 17 жасар қызға бір топ жігіт зорлық көрсеткен. Күдіктілер қамауға алынды. Бірақ олардың туыстары жәбірленуші тарапқа қысым көрсетіп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Зәбір көрген жасөспірімнің анасы бұл туралы "Немолчи" қоғамдық қорының порталында жариялады. Оның айтуынша, айыпталушылардың жақындары қылмысты жылы жауып қоюды көздейді. Бір ымыраға келгісі келеді. Бірақ ол кінәлілердің жазаланғанын қалайтынын айтады. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
- Қарағанды облысында ер адам 5 жасар қызды ұрлап, зорламақ болған: Күдіктіге қатысты сот шешімі шықты
“Аталған факті қылмыстық кодекстің "кәмелеттік жасқа толмаған азаматты зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді. Күдікті ретінде Петропавлдың 5 азаматы қарастырылып отыр. Олар қамауға алынды. Тергеу әділ болу үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды”, -дейді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”