Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы жігіт такси жолаушысын зорлап, онымен қоса тонап кетті

Алматы облысында таксиде қасындағы жолсерігін зорлады, онымен қоса тонады деген күдікпен 17 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданының полиция бөліміне жас әйел арызданған.

Оның айтуынша, ол 9 қазан күні түнгі сағат үш шамасында Алматы қаласының №1 теміржол вокзалында үйіне жету үшін такси ұстаған. 

Әйелді алған соң такси жүргізушісі қасындағы тағы бір жолаушының өтініші бойынша Түймебаев ауылының жанындағы жолдан бұрылып, қаңырап бос қалған жерге апарған. Сол жерде оған шабуыл жасап, ұрып-соғып, зорлап, алтын алқасын тартып алған. Қылмыс такси жүргізушісінің қатысуымен жасалды. Ол зорлық жасаған адамға өзінің әрекетсіздігімен көмектесіп, оның серіктесі болып шықты. 

Тәртіп сақшылары күдікті ретінде Бұрындай кентінің 17 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, қамауға алынды. Сондай-ақ 22 жастағы такси жүргізушісі де ұсталды. Ол күдіктінің жерлесі болып шықты. Полиция такси жүргізушісінің әрекеттеріне тергеу кезінде тиісті құқықтық баға беріледі деп отыр. 

"Қылмыстық іс ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі (зорлау) және ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (тонау) бойынша қозғалды. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау