AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында ер адам 5 жасар қызды ұрлап, зорламақ болған: Күдіктіге қатысты сот шешімі шықты

Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды, ол бес жасар баланы ұрлап, оны зорлауға тырысқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жас баланы ұрлау және зорлау әрекеті қоғамдық резонанс тудырды. Бұл Қаражал қаласында болды. Зорлаушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс көрсеткіші 6,3%-ға төмендегені байқалады. Ювеналды полиция қиын жасөспірімдермен және тұрмысы нашар отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізуде", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин халыққа онлайн есеп беру кездесуінде.

Еске сала кетейік, резонанс тудырған жас қызды ұрлау осы жылдың сәуір айында Қаражал қаласында болған еді. Қыздың ата-анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бала 55 жастағы ер адаммен бірге қараусыз қалған үйден табылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр