Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда тоғызыншы сынып оқушыларының ата-анасы алаңдағы бүлінген орындықтар үшін жауапқа тартылды

Оралда тоғызыншы сынып оқушыларының ата-аналарына қаланың бас алаңындағы орындықтарды бояғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, мектеп оқушылары сабақтан ертерек сұранып, саябаққа қыдырып барған. Бірақ жолда олар Бірінші Президент алаңында серуендемек болады да, сол жақта тұрған орындықтарға жазу жазып кетеді. 

"Осылайша, қыздар елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзды. Полиция құқық бұзушыларды бейнежазба арқылы анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша ата-аналарға қатысты "Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырды", – деп атап өтті ведомстводан.


"Әулетімізбен органда істейміз": Шымкентте бастауыш сынып оқушысын ұрған әжей айыппұлмен құтылды 


Сонымен қатар, ата-аналар бүлінген мүлікті қалпына келтіруге мәжбүр болды.

"Сондай-ақ ата-аналар балаларымен бірге бүлінген орындықты жууға мәжбүр болды. Полиция департаменті қаланың барлық тұрғындарынан қаланы абаттандыру элементтеріне ұқыпты қарауды сұрайды. Сондай -ақ кәмелетке толмағандар жасаған заңға қайшы әрекеттері үшін жауапкершілік олардың заңды өкілдеріне жүктелетінін ескертеді және ата-аналарға жасөспірімдерді тәрбиелеуге ерекше назар аударуды ұсынады", – деп хабарлады полиция.

 

Талқылау