AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазан айында Алматыда эпидемиологиялық ахуал қандай болмақ: Мамандар болжам жасады

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қазандағы коронавирус ахуалына баға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Қалықованың сөзінше, келесі айда қаладағы аурудың таралу деңгейі төмендейді. Десек те эпидемиологиялық жағдай пессимисттік болжам бойынша дамуда. Алматының әлі де “қызыл” аймақта екенін атап өткен ол коронавирустың “дельта” штаммының өршуі бәсеңдегенін жеткізді. 

“Қазан айында аурудың таралу деңгейі біраз төмендейді деп күтілуде: күн сайын тіркелген науқастардың саны 40-100 шамасында болмақ. Аурудың таралу деңгейін төмендетуге қаладағы қоғамдық иммунитеттің 50%-ға жетуі әсер етті. Қазірдің өзінде вакцинаның екінші дозасын қала тұрғындарының 43%-ы алды”, – дейді ол. 

Коронавирустың жаңа штаммдары пайда болуда, сондықтан босаңсуға әлі ерте, дейді Әсел Қалықова. Дегенмен оның айтуынша, бұл босаңсуға болады деген сөз емес. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыға Pfizer вакцинасы қашан әкелінетіні айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр