Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыға Pfizer вакцинасы қашан әкелінетіні айтылды

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали Қазақстанға Pfizer вакцинасы қашан әкелінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, Алматыда шетелдік вакцинаны сақтайтын арнайы тоңазытқыштар саны өте аз. Бұған қоса, Мырзағали Pfizer екпесі тек жүкті әйелдер мен он екі жастан асқан балаларға салынатынын атап өтті. Қазіргі таңда осы вакцинаны салғызғысы келетін тұрғындардың саны анықталуда. 

“Pfizer вакцинасы үлкен мөлшерде елімізде әкелінеді деп айта алмаймын. Вакцинаны тасымалдауда және сақтауда “СҚ-Фармация” ЖШС көмек береді. Препаратты емханаларға жеткізу алгоритмін әлі құрастыратын боламыз. Мүмкін, қалаға арнайы тоңазытқыштарды сатып аламыз. Pfizer вакцинасының негізгі үлесі Алматыда орналастырылуы ықтимал”, – дейді ол. 

Сонымен қатар Мырзағали Pfizer екпесін минус 60-80 градус температурада сақтау керектігін алға тартты. Айтуынша, вакцинаның елге қашан жеткізілетіні әзірге белгісіз. Бірақ Алматыға Pfizer-дің алғашқы партиясы әкелінуі мүмкін. 


Pfizer вакцинасы 5 жастан асқан балаларға рұқсат етілуі мүмкін

Талқылау