Әлемде коронавирустың тағы бір штаммы таралуда
Оңтүстік Кореяда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы таралуда. Дәрігерлер Mu-штаммды үш адам жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу департаментінің өкілдері науқастардың үшеуі де індетті сырттан жұқтырып келгенін жеткізді. Ауру жұқтырғандар – Мексикадан, АҚШ-тан және Колумбиядан келген иммигранттар.
Өз кезегінде биліктегілер коронавирустың жаңа штаммының таралып кетпеуі үшін тиісті шаралар қабылданатынын мәлім етті.
Айта кетсек, Mu-штамм 2021 жылы Колумбияда анықталған. Бұған дейін ДДСҰ вакциналарға төзімді штаммдар бар екенін хабарлаған болатын. Қазіргі таңда бұл вирустың түрі Еуропа мен Оңтүстік Америка елдерінде таралған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады