Нұр-Сұлтанда мектептен өрт шығып, оқушылар эвакуацияланды
Нұр-Сұлтанда №54 мектеп-лицейінде өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бүгін таңертең 9:04-те басталған. Бірінші қабаттағы төбенің жылылау үшін қолданылатын жабындысы тұтанды.
"Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаев көшесіндегі №54 мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы төбе жабындысының тұтанғанын анықтады. Өрт 15 минут ішінде сөндірілді", – делінген хабарламада.
Өрт аумағы 8 шаршы метрді құраған. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасуда.
Өртті сөндіруге сегіз өрт сөндіруші қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған