Оқушылар өз қалауы бойынша онлайн оқуына бола ма? Аймағамбетов жауап берді
Оқушылар ата-аналарының қалауы бойынша онлайн форматта оқи алмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының Instagram-дағы тікелей эфиріне сілтеме жасап.

Білім министріне: "Ата-аналар өтініш жасаса, балалардың дәстүрлі форматқа ауыспай, онлайн оқуға мүмкіндігі бар ма?” деген сұрақ қойылды.
"Жоқ. Балалар дәстүрлі форматта білім алады деген шешім қабылданды. Көптеген студенттер, егер мүмкіндік болса, мүлде сабақ оқымай, университетке бармай диплом алғылары келеді. Бірақ, сонымен бірге басым көпшілігі дәстүрлі оқытудың қажеттілігін айтып жатыр. Менің ойымша, сарапшылар, ата-аналар мен педагогтар дәстүрлі оқыту қашықтықтан оқытуға тең тұрмайтынын, теңесе алмайтынын түсінеді", – деп жауап берді Аймағамбетов.
Еске салсақ, білім министрлігі мектептерді қайтадан алты күндік оқу жүйесіне көшіретіні туралы жазған болатынбыз.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"