2021 жылдың басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2021 жылдың басынан бері 8,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) Өзбекстаннан, 10,4%-ы ҚХР-дан, 7%-ы Түркіменстаннан, 2,5%-ы Моңғолиядан және 4,5%-ы басқа елдерден келгендер болып табылады.
- Қытайлық қандастар қазақстандық алаяқтың құрбаны болды
- Қазақстанда қандастарға қандай жеңілдіктер мен жәрдемақылар беріледі?
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды.
Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 25,3%-ды және зейнеткерлер 19,2%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-ының жоғары, 39,3%-ының орта кәсіби, 45,9%-ының жалпы орта білімі бар және 3,9%-ының білімі жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Қандастардың мәртебесін айқындайтын заң жобасы қабылданатыны туралы жазған болатынбыз.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді