AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандастардың мәртебесін айқындайтын заң жобасы қабылданады

Шет елдердегі қазақтарды қорғайтын заң қабылдау жайлы ОКҚ брифингісінде "Отандастар қоры" Коммерциялық емес акционерлік қоғамдастығының вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сарбасовтың айтуынша, қазіргі уақытта қандастар үшін қазақстандық азаматтықты алу рәсімі жеңілдетілген.

"Мысалы, егер бұрын біраша уақыт күту қажет болса, қазір үш ай ішінде азаматтыққа қатысты мәселені шешуге болады. Бұл норма тек этникалық қазақтарға бағытталған. Басқа ұлттарға бұл мүмкіндік қарастырылмаған", – деді ол.

Шетелдегі қазақтарды қорғау мәселесіне қатысты Қор басшысы осы бағытта дайындалып жатқан заңнамалық түзетулер туралы айтып берді. Алайда құжатты қабылдау мерзімі әлі белгісіз.

"Шетелдегі қазақтарды қорғау мәселесіне келетін болсақ, бұл басқа мемлекеттің азаматтарына қатысты болғандықтан, олардың мүдделерін қорғау дұрыс емес шығар. Бірақ гуманитарлық және мәдени байланыстарды қолдау басқа мәселе. Жалпы қазір шетелдегі қазақтардың мәртебесін анықтау бойынша заң жобасы әзірленуде. Біз уәкілетті мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарымызды енгіздік.



Мен қазір қоғамдық комиссия бар екенін атап өттім, оны Марат Бақтиярұлы басқарады. Міне, осы Қоғамдық комиссияда осы мәселелер талқыланды. 400-ге жуық ұсыныс мемлекеттік органдарға жіберілді. Заңды қабылдау өте ұзақ процесс. Парламентте қаралғанға дейін тыңдаулар, отырыстар өтуі тиіс. Осыған қатысты жұмыстар жүргізілуде. Өкінішке қарай, мерзімін нақты айта алмаймын, – деді Сарбасов.

Айта кетейік, шетелдерде 7 миллионға дейін этникалық қазақ тұрады.

"Шетелдегі қандастар –  қазақ ұлтының бірден бөлігі. Әртүрлі мәліметтер бойынша шетелде 5 миллионнан 7 миллионға дейін этникалық қазақ тұрады. Қазір олардың нақты санын анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Мағауия Сарбасов.

Сондай-ақ Сарбасов Отандастар қоры құрылған сәттен бастап шетелдегі қазақтарды біріктіретін ұлттық-мәдени орталықтарды түгендеу жұмыстарына кіріскенін атап өтті.

Айтуынша, дүниежүзінде 250-ге жуық қазақ мәдени орталығы бар, соның 150-і белсенді жұмыс істейді. Бүгінде олардың барлығымен байланыс орнатылып, 70-тен аса орталықпен тиісті меморандумдар бекітілді.

Бұған қоса, былтыр Омбы, Ташкент, Ыстанбұл, Киев және Берлин қалаларында Абай үйі ашылды.

"Осы жылдың соңына дейін "Абай үйлерін" қандастар көп шоғырланған Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, Ресейдің Астрахань, Қырғызстанның Бішкек қалаларында ашу жоспарланып отыр. Алайда мұның бәрі сол елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", – деді Сарбасов.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр