Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотереяда жеңіске жете алмасаң, не істеуге болады?

Соңғы кездері күні-түні лотереяда қалай жеңсем болады деген ойға батып, ойынға деген әуестігіңіз құмарлыққа айналса, оның арты жақсылыққа әкелмейтінін есте ұстаған жөн. Лотерея - уақыт өткізу және көңіл көтеру құралы, ал оны ойнау жағымсыз эмоциялар тудырмауы қажет. Ал ойын жолында ұтыс қуалап кетпеу үшін не істеу керек? Материалымыздан оқи аласыздар. 

 лотерея

Лотереяда ұтысқа бірден кенелу туралы ойдан бас тартыңыз

Бірінші кезекте, лотереяда жеңіске жете алмағаныңызға уайымдауды қойыңыз. Әлемде күн сайын миллиондаған адамдар лотерея билеттерін сатып алып ойнап жатады. Олардың бірінің жолы бірден болса, екіншілері сол мезетте ұта қоймайды. Ал лотерея ойнай салып, жеңіске жете алмаған қатысушының көңілі түсіп кетуі мүмкін. Әрине, барлығының айы бір күнде тумайды. Лотерея - ойын түрі, сондықтан ұта алмасаңыз, қамығудың қажеті жоқ. 

Бақ шаба ма, бап шаба ма?

Лотерея жеңімпаздары көбіне кездейсоқ жерден билет сатып алғандарын айтады. Жеңіске жеткендердің сөзіне сенсек, лотерея ойнау туралы олардың ойларында мүлдем болмаған. Сондықтан егер жол-жөнекей келе жатып, лотерея ойнағыңыз келсе немесе жақындарыңыз ойнайық деп ұсыныс білдірсе, бас тартпағаныңыз абзал. 


Сандарды түсінде көріп, ұтыс әкелген билетті қоқыстан тапқан: Лотерея жеңімпаздары өз оқиғалары жайлы айтты


Жеңіске жету мүмкіндігін арттырыңыз

Лотереяның әрбір қатысушысы өзінің жеңімпаз атану мүмкіндігін арттыра алады. Бұл ойынның қыр-сырын жетік түсінген тәжірибелі ойыншылар мынандай әдіс-тәсілдер ұсынады: 

  • Бір тираждың бірнеше билетін сатып алыңыз. Билет көп болған сайын, ұту мүмкіндігі де жоғарылайды. 
  • Егер лотереяның тұрақты ойыншысы болсаңыз, билеттерді әр жерден сатып алған дұрыс. Ұтысыңыз сізді қай жерде күтіп тұрғанын кім біледі?
  • Әртүрлі сандар тізбегін пайдаланыңыз. Егер бір тиражға бірнеше билетпен қатыссаңыз, онда сандар комбинациясынының бір-бірінен өзгеше болуына көз жеткізіңіз. 

Айта кетейік, бұл кеңестерді орындау - 100% жеңіске алып келеді деген сөз емес. Лотереядағы басты дүние - ол, әрине, сіздің сәттілігіңіз. 


Лотереяда қалай жеңіске жетуге болады: Жеңімпаздар ұсынатын бес әдіс


Лотереяның барлық түрін ойнап көріңіз

Егер тек тираждық лотерея ойнап жүрсеңіз, келесі жолы лездік лотереяны байқап көріңіз. Немесе лездік лотереяны жиі ойнайтын болсаңыз, тираждық лотереяда бағыңызды сынаңыз. Ең бастысы жеңбедім деп мұңаймаңыз. 

Осы тұста "Сәтті Жұлдыз" ұсынатын лездік лотереяларды алып қарайық. Бас жүлде сомасы 2 000 000 - 10 000 000 теңге аралығын құрайтын лездік лотереялардың ең басты артықшылығы не ұтқанынды сол мезетте көруге болады. Мұнымен қоса, сіз "ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!" лездік лотереясын досыңызға немесе жақыныңызға сыйға тартып, оған жағымды эмоция мен 5 000 000 теңге ұту мүмкіндігін сыйлай аласыз. 

Лездік лотереялардан бөлек 17 сәуір күні ойнатылатын "LOTO 6/49" лотереясынан қапы қалмаңыз!  25 100 000 теңгелік бас жүлдемен қоса, сіз Toyota Camry автокөлігінің ұтысына қатыса аласыз. Толығырақ мына сілтемеден өту арқылы оқуға болады. 

Не ойласаңыз, сол орындалады. "Менің жолым үнемі болмайды", "Мен жеңіске жете алмаймын" деген сынды жағымсыз ойлар арқылы сіз керісінше сәтсіздікті өзіңізге тартасыз. Сол себепті лотереяны жағымды көңіл-күймен ойнап, ойынның қызығына барынша енуді мақсат етіңіз!

Ескерту. Лотерея ойынын қаражат табу және инвестициялау амалы ретінде емес, ойын-сауық ретінде қарастыру керек. Лотереяға қатысу қаржылық қиындықтарды шешудің амалы бола алмайды. Лотереяны 18 жастан бастап ойнауға рұқсат етілген.

Талқылау