Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерді не себепті ауыстырды? Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің не үшін ауысқанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл тек бас санитарлық дәрігердің мәртебесін көтеру үшін. Өздеріңіз білетіндей, қазір бас санитарлық дәрігер де вице-министр. Бұл бізге көбірек көңіл бөлуге және Қазақстандағы эпидемиологтердің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Бағдат Қожахметов ОКҚ-дағы онлайн брифинг барысында.
Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалғаны туралы бұрын хабарланған болатын. Бұған дейін республиканың бас санитарлық дәрігері қызметін Айжан Есмағамбетова атқарды.
Бағдат Қожахметов: Тележүргізуші Салтанат Қалиеваның менің әйелім болғаны өзінің соры
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"