Соңғы жаңалықтар

Бағдат Қожахметов: Тележүргізуші Салтанат Қалиеваның менің әйелім болғаны өзінің соры

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жеке өмірінен сыр шертті. Бірнеше жыл лауазымды қызмет атқарған шенеунікке тоқал болуға, екінші әйел алып беруге ұсыныс айтқандар көп. Алайда Қожахметовтың өз ұстанымдары бар. Әйелге адалмын деген ол әр азаматтың үш осыл тұсын айтып берді. 

Бұл туралы Қожахметов "Талқылайық" бағдарламасында айтты.

Бағдат Қожахметов қазақ тілін көтеру туралы көзқарасын жиі желіде жазып, үн қосып келеді. Министрлік өкілі болғанымен әріптес, басшылық қызметте отырғандардың қателігін айтудан қорықпайды. Керісінде әр азамат өз позициясын ашық білдіру керек деген пікірде. Осы ретте шенеунік әр азаматтың үш осыл тұсын айтып берді. 

"Әр азаматтың үш осал тұсы болады. Біріншісі - әйел, екіншісі - ақша, үшіншісі - билік. Менің әйелім бар, ақшам жетеді, билік жоқ қолымда. Маған діндар жандар арасында екінші әйел алу, демографияны көбейтуге ұсыныс айтқандар болды. Немесе тоқал болғысы елетін жас қыздар көп. Мен оның бәрінен бас тарттым. Әйелім емес, өзім қарсы болдым. Себебі әр азаматта бір ғана әйел болу керек деп ойлаймын. Демографияны ойлағандар өздері көбейте берсін: Ал, Салтанат Қалиеваның менің әйелім болғаны соры шығар. Себебі басшы адамның әйелі болу оңай емес. Басшының жұмысы көп болады. Қолы тие бермейді. Әр түрлі жағдайлар болады. Ол туралы көп нәрсе айтылады. Оның бірі шыны, бірі жалған болады", - деді министрлік өкілі. 

Бағдат мырза өзінде билік жоқ екенін әр сөзінде айтып келеді. Билікке ақша не атақ үшін емес, басқа мақсатта бармақ. 


Денсаулық министрлігінің өкілі: Тоқаевтың орысшасына "3" деген баға қоямын, соны нақтылып жеткізіңіздерші


"Билікке ақша үшін емес, өз үнімді қосу үшін ұмтыламын. Билікке барғанда да осындай көзқараста боламын. Шенеуніктердің ішінде Бақытжан Сағынтаевты құрметтеймін. Ал, Алексей Цойдың қоластында жұмыс істегендіктен, мен оны мақтап не даттай алмаймын. Ол туралы пікір айтпаймын", - деді Қожахметов. 

Медиа саласының маманы бірнеше жыл БАҚ-та жұмыс істеді. Басшылық қызмет атқарды. Ол өз тәжірибесі барысында көргендей, журналистер арасында да "сатылатын журналистер" барын айтады.

"Біз ақпарат саласында жүріп талай нәрсені көрдік. Журналистер арасында да сатылатын журналист болады, сатылмайтын журналист болады. Біреуді мақтау арқылы ақша алатындар болады. Немесе біреу туралы жаман ақпаратты жариялаймын деп бопсалау арқылы ақша алатындар болады. Ондайдың бәрін көріп келдік. Мен 31 арнаға жаңадан басшы болып келгенде, "Айтысты" эфирден көрсетпедік. Себебі президент әкімшілігінен хабар түсті. Айтысты билікті көп сынағандықтан оны алдырып тастады. Біз "Айтысты" түсіргенімізбен, эфирден көрсетпедік. Кейін таспаны жоғалтып алдық. Ол үшін халықтан, Жүрсін Ерманнан кешірім сұраймын. Ол үшін өкінемін. Бірақ оның бәрін кейін басқа қызметтеріммен ақтадым деп ойлаймын", - деді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр