"Ол 90-жылдары да жүріс жүретін": Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі күйеуінің опасыздығы жайлы
Бизнес кәсіпкер, меценат, аяулы ана, Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жары Ляйсира Марат жолдасының опасыздығы жайлы айтты. Сүйіп қосылған, 25 жыл бір шаңырақ астында тұрған жанны опасыздығын есту ауыр соққы болғанын айтты.
"Тұрсынға еш себепсіз ғашық болдым. Екеуміз есепсіз отбасын құрған жандармыз. 19 жаста қандай есепті ойлауға болады? Бірақ оның жүріс жүретінін 90-жылдары-ақ сезетінмін. Бір күдіктер пайда болды. Екеуміз екі рет ажыраспақ болып тоқтағанбыз", - деді ол Дана Орманбаеваға берген сұхбатында.
Дегенмен кәсіпкер әйел күйеуінің дәл осылай опасыздық жасайды, онымен ажырасамын деп үш ұйықтаса да ойламағанын айтады.
"Мен бір-ақ күнде танылып шыға келдім. Мен бұрын да танымалдықты қаладым. Танымал адам болғым келді. Бірақ дәл осындай жолмен таныламын деп ойлаған емеспін. Ажырасамын деп те ойлаған жоқпын. Мен сездім. Тұрсынның бір адамы барын сездім. Бірақ бұның жолы ажырасу деп ойлаған жоқпын. Мен бірінші кезекте отбасын ойладым. Қалайда жеңеміз, бұны да еңсереміз, қалайда шешімін табамыз деп сендім.
Ал, бір-ақ күнде не болғанын түсінгенде, мен өзімді тастап жібердім. Сонша жыл бірге тұрған адамның бір күнде бөтен екенін сезіну, енді ешқашан бірге болмайтынымызды түсіну мен үшін ауыр соққы болды. Мен төсектен тұрмай жаттым. Маған ешнәрсе қызық болмады. Анам, әпкелерім, достарым, қыздарым, жақындарымның бәрі қолдау көрсетті. Жігерлендірді. Анам бетімнен шапалақтап, ұрып жіберді. Бұған дейін ол көмектестін еді. Бірақ анамның бұл қолдауы да бұл жолы көмектесе алмады", - деді Ляйсира.