Тылсым сұлулыққа ие 11 жасар қыз әлем жұртын таңқалдырды
Шешенстандық 11 жасар Әмина Эпендиева өзінің ерекше сұлулығымен тек ресейліктерге ғана емес, бүкіл әлемге танымал болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Medialeaks порталында жазылыпты.
Дара келбетке ие қыз бала Шешенстанның Курчалой ауылында тұрады екен. Альбинос қыз екі түсті көзге (гетерохромией) ие көрінеді. Бұл екі ерекшелік табиғатта өте сирек кездеседі. Ал олардың бір адамның бойынан табылуы мүлдем ғажайып құбылыс.
Әлемнің желі қолданушылары қыздың тылсым табиғатын көріп таңқалуда.

"Оған тәнті болдым", "Қандай әдемі қыз! Көз жауын алады", "Құдды бір періште сияқты, оны шын өмірде көрсем ғой", - деп жазыпты желі пайдаланушылары.
Әминаның достары оның шын өмірде одан да әдемі екенін айтады. Алайда ол суретке көп түсіп, оны паш етуге қатты құштар емес көрінеді.

Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар