Коронавирустан көз жұмғандардың саны бойынша Италия Қытайдан озды
Италияда коронавирустан көз жұмғандардың саны бір күннің ішінде 427-ге артты. Осылайша Италия індеттен көз жұмған адамдардың саны жөнінен Қытайды басып озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке орай, біз бүгін тағы 427 адамның пандемиядан көз жұмғандығын анықтап отырмыз. Осылайша COVID-19 3405 науқастың өмірін қиды", - деп мәлімдеді азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли.
Ал Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі комитетінің мәліметінше, 19 наурыз күнге дейін елде 3245 науқастың аурудан көз жұмған.
Қазіргі таңда Италияда ауруды жұқтырған 33,2 мың науқас бар көрінеді. Әлем бойынша бұл көрсеткіш 222 мыңнан асыпты. Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 49 болып отыр.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған