Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Непалда Saurya Air ұшағы апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты

Бортында 19 жолаушысы бар Saurya Air ұшағы Катманду әуежайында апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ құлаған жерден 18 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC

Сынақ үшін ұшқан рейсте Saurya Airline компаниясының 17 техникалық қызметкері мен екі экипаж мүшесі болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 11:00 шамасында ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Ол Похараға ұшуы керек еді.

Ғаламторда жарияланған видеодан ұшақтың өрт пен түтінге оранғанын көруге болады. Оқиға орнынан өрт сөндіру машиналары мен жедел жәрдем көліктері жіберілді.

Құтқару қызметі 37 жастағы кеме капитанын қирандылар арасынан шығарып, ауруханаға жөнелтті.

 



Полиция өкілі Дан Бахадур Карки қаза болғандар бар екенін растап, ұшқыш жарақатына байланысты емделіп жатқанын айтты.

Фото: www.aol.com

Әуе компаниясының хабарлауынша, Saruya Airlines Непалда бес бағыт бойынша ұшады және оның флоты үш Bombardier CRJ-200 ұшағынан тұрады.

Непаль ұшу қауіпсіздігінің нашар деңгейі үшін бірнеше рет сынға ұшырады.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтарында Yeti Airlines ұшағы апатқа ұшырап, кем дегенде 72 адам қаза тапқан еді. Кейінірек апаттың ұшқыштың қателігінен болғаны анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеу облысында жөндеуден қайтып келе жатқан ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапқан еді. 

Талқылау