Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неге қазақстандық автосалондарда сатылатын көлік жоқ – Вице-премьер жауап берді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр автосалондарда сатылатын автомобиль тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Хабар-24" телеарнасындағы "Сұхбат" бағдарламасы барысында бірінші вице-спикерге: "Сіздің пікіріңізше, автосалондарда неге көліктер жоқ? Тапшылық жасанды түрде жасалған сияқты көрінеді", – деп сауалған қойылған болатын.

Осы ретте Роман Скляр еліміздегі автосалондарда көлік тапшылығы бар екендігін жасырмады. Вице-премьер 2023 жылы отандық автосалондарда жеңіл көліктер жеткілікті болады деп мәлімдеді.

"Иә, өкінішке орай солай. Автосалондарда отандық, сондай-ақ шетелде құрастырылған автомобильдер тапшы. Бұл жеңіл автокөліктерді құрастыру барысында қолданылатын электронды чиптердің тапшылығымен байланысты екені белгілі. Жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Меніңше, жағдай өз арнасына түседі және келесі жылдан бастап отандық та, шетелдік де автомобильдердің жеткілікті болатындығын күтеміз", –  деді бірінші вице-спикер.

Талқылау