Назарбаев Мәскеудің Қызыл алаңында өткен парадқа қатысты
ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күні Мәскеудегі Қызыл алаңда шеруге қатысты.

Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей президенті Владимир Путин салтанатты шараға шақырғанын жазды.
"Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Қызыл алаңда жеңістің 74 жылдығына орай өткен әскери парадқа қатысады", - деді Үкібай.
Кремльдің сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жеңіс күніне орай өткен шерудің құрметті қонағы болғанын жазды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"