"Бақытты болыңдар": Референдумға келген Назарбаев журналистермен тілдесуден бас тартты (видео)
Алғашқы президент Нұрсұлтан Назарбаев АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұңғыш президент "Астана Опера" театрында орналасқан 256-сайлау учаскесінде дауыс берді.
Журналистер одан қазіргі таңда қай елде тұрып жатқанын және қайда екенін сұрады. Ол тек халыққа жақсылық тіледі.
“Табысты болыңдар, бақытты болыңдар”, – деді бұрынғы президент.
Бұған дейін Тоқаевтың референдумда дауыс бергені айтылды.
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді
"Салт-дәстүрді "біздікі, өзгенікі" деп бөлмейміз": Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері неге балаларына тұсаукесер жасайды
Джой: "Кішкентай кезінен бастап осы жермен байланысын сезініп, елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп өскенін қаладым"