АЭС салу бойынша референдумда дауыс бергендердің үлесі анықталды: Ең аз қатысым Алматыда
Орталық сайлау комиссиясы атом электр станциясының құрылысына қатысты референдумға сайлаушылардың қатысымы туралы алдын ала мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Сағат 10:00-дегі сайлаушылардың қатысымы туралы мәліметтерді орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ерман Мұхтар хабарлады.
Референдумға сағат 10:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге 17,79% адам келген.
Жалпы референдумда 2 млн 178 мың 593 қазақстандық дауыс беруі керек.
- Абай облысы – 15,36%;
- Ақмола облысы – 17,17%;
- Ақтөбе облысы – 19,21%;
- Алматы облысы – 16,31%;
- Атырау облысы – 17,11%;
- БҚО– 16,43%;
- Жамбыл облысы – 16,19%;
- Жетісу облысы – 18,08%;
- Қарағанды облысы – 30,63%;
- Қостанай облысы – 16,9%;
- Қызылорда облысы – 20,91%;
- Маңғыстау облысы – 16,45%;
- Павлодар облысы – 14,04%;
- СҚО – 15,83;
- Түркістан облысы – 18,56%;
- Ұлытау облысы – 17,4%;
- ШҚO – 17,85%;
- Астана – 24,08%;
- Алматы – 8,66%;
- Шымкент – 19,56%.
Бұған дейін бас прокуратура референдумда ешқандай заңбұзушылықтар анықталмағанын мәлімдеді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды