Тоқаев АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясына қатысты референдумда дауыс берді. Содан кейін ол журналистермен сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистер Тоқаевтан халық АЭС-ті қолдаған жағдайда оны қай ел салады деп сұрады.
Президент Қазақстан үкіметі сараптама жүргізуі керек деп жауап берді.
"Бұл күрделі мәселе, бірақ менің бұл мәселеге қатысты менің жеке көзқарасым бойынша, ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Әрі қарай уақыт көрсетеді", – деді ел басшысы.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 6 қазандағы референдумды "айтулы уақиға" деп бағалаған еді.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"