Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Насыбай талқылайтын заман ба?": Блогер Мөлдір Анарбаева билік басында отырғандарға шүйлікті

Танымал блогер, желі жұлдызы Мөлдір Анарбаева елде болып жатқан төтенше жағдайларға билік басында отырғандарды сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir_anarbaeva/

Наурыз айының соңында республикадағы біраз өңірді су басқан еді. 

“Су алып жатқан аймақтардың жайына алаңдап отырмыз. Қанша шаруа, мал-мүлік түгел ағып кетті. Өкінішті… Жылда осы! Айналайын-ау, тып-тыныш тұрған елтаңбаны талқандайық дегенше осы мәселені неге бақылауға алмайды?! Айналайын-ау жан-жағымыз былығып жатқанда жиналып насыбай талқылайтын заман ба?! Насыбайдан үлкен мәселелер реттеліп болды ма?! Бүкіл басшы насыбай талқылап отырғаны жүйкеге тие ме жоқ па?! Біздің облыстың бұрынғы әкімі Нұржігітовты су ресурстарына апарғаны-ақ көңілді су сепкендей басқан. Осы өңірде шынын айтқанда “мыңғыр-мыңғыр” етіп атқосшыларын ауыстырғаннан басқа ештеңе тындырмағанын жұрт біледі. Өтірік болса осының астына қазір өңір тұрғындары өздері ақ жазып өтеді.
Құрметті су астында қалған аймақ тұрғындары! Біз сіздермен біргеміз”, – деп жазды желі жұлдызы. 



Сонымен қатар, блогер халыққа көмек қолын созғысы келетіндерге де ескерту жасады. Айтуынша, жарамсыз ескі-құсқы заттар көп келеді екен. 

“Ескі, жарамсыз, қайда береріңізді білмей отырған киімдеріңізді әкелмеңіздерші! Халықты мазақ етпейік! Киілген болса да жарамдысын беріңіз. Онсыз да жүйкесі жұқарып отырған жұртқа құрметпен қарайық. Ақтөбемен біргеміз!” – деді Мөлдір Анарбаева. 

Еске салайық, Астанада вейп пен насыбай сатушылар жауапкершілікке тартылғанын жазған едік. Одан кейін, Тоқаев насыбайға әуесқойларға ескерту жасады. 

 

Талқылау